Атырау энергетика және құрылыс колледжі
Атырау энергетика және құрылыс колледжі
Атырау энергетика және құрылыс колледжі
AA+

Сізді республикалық «Үздік педагог – 2026» атағын иеленуіңізбен Атырау энергетика және құрылыс колледжінің ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгін – колледжіміз үшін тарихи әрі мерейлі күн! Сіз білім ордамыздың тарихында алғаш рет республикалық деңгейде «Үздік педагог» атағын иеленіп, колледжіміздің абыройын асқақтатып, есімін республика көлемінде танытып отырсыз.
Бұл – Сіздің көпжылдық қажырлы еңбегіңіздің, кәсіби шеберлігіңіздің, үздіксіз ізденісіңіз бен ұстаздық қызметке деген адалдығыңыздың лайықты бағасы.
Сіздің жеңісіңіз – жеке жетістігіңіз ғана емес, бүкіл ұжымымыздың ортақ қуанышы, зор мақтанышы әрі колледжіміздің даму тарихындағы алтын әріптермен жазылатын айтулы белес.
Сіз әріптестеріңізге үлгі, жас педагогтерге өнеге көрсетіп, білім ордамыздың кәсіби жетістіктеріне жаңа жол аштыңыз.
Колледж тарихында алғашқы болып осындай биік мәртебеге ие болу – үлкен абырой, ал сол тарихты өз еңбегіңізбен жазу – ерекше құрмет!
Сізге зор денсаулық, отбасылық амандық, шығармашылық шабыт пен кәсіби қызметіңізде жаңа жеңістер тілейміз!
Мерейіңіз үстем, абыройыңыз асқақ болсын! Бағындырған биігіңіз алдағы толағай жетістіктердің бастауы болғай!
Сізбен мақтанамыз! Жеңісіңіз құтты болсын!