1 МАУСЫМ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

Атырау қаласында 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтілді. Бұл мереке сәбиміздің күлкісі мен  шат-шадыман қылықтарымен жылдың жаз мезгілін қарсы алатын күн болып табылады. Өйткені, бұл мезгіл жай ғана бір күндік  мереке емес, қыс бітіріп, көктем келіп, мектеп жасындағы балалардың көптен күткен жазғы демалысқа  шығатын тамаша уақыт. Қазіргі таңда  еліміздің түкпір-түкпірінде мыңдаған сәби жазылмайтын ауруларға ұшыраған, қалыпты тамақтану және өмір сүру жағдайлары нашарлап, кейбіреулері тіпті ата-анасының мейіріміне мәжбүр болып, өз бетінше өмір сүруде.

Облысымыздың барлық жоғары және кәсіптік техникалық оқу орындары әр түрлі көріністе өздерінін балаларға арнаған мерекелік

шараларын өткізді.

Атырау энергетика және құрылыс колледжі атынан оқутышылар мен студенттердің ұйымдастырумен екі автокөлік (волга, жигули маркасы) шарлармен, түрлі балалардың сүйкті кейіпкерлері кейпінде мүсіндермен  безендіріп шығарды. Қаламызда өткен  1 маусым балаларды қорғау күніне арналған шара өте көнілді үйымдастырылды.

        Директордың тәрбие ісі жөніндегі     орынбасары     Орынбаева Заура

                       Берікқалиқызы         

 

                                       


Жарияланды: 01.06.201810:36

Автор: