Халықаралық ынтымақтастық

     Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы халықаралық байланыстарды орнату және нығайту шеңберінде, сондай-ақ білім беру және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықтың өзара тиімді мүдделерін ескере отырып, Атырау энергетика және құрылыс колледжі Ставрополь, Астрахань, Новгород қалаларының бірқатар ресейлік оқу орындарымен тәжірибе, жоспарлар, бағдарламалар, студенттер мен оқытушылар алмасу туралы шарттар жасасты.

                 Колледжде келесі оқу орындарымен ынтымақтастық туралы шарттар бар:

Ставрополь құрылыс колледжі

Невинномыский энергетикалық техникум

Ставрополь мемлекеттік политехникалық колледжі

Ставрополь аймақтық көпсалалы колледжі

Железноводск көркем сурет-құрылыс техникумы

“Интеграл” Курсавка өңірлік колледжі

Новгород химия-индустриалды техникумы

Старорусский агротехникалық колледжі

                 Халықаралық ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері Ресей мен Ставрополь өлкесінің оқу орындарымен бірлесіп өткізілетін семинарларға, дөңгелек үстелдерге, онлайн–конференцияларға белсенді қатысады.

           2021 жылғы 12 мамырда оқу-әдістемелік жоспарға сәйкес және Атырау облыстық әдістемелік орталығымен бірлесіп “Заманауи педагогикалық процесс: мазмұны, әдістері, тәсілдері, нысандары” тақырыбында онлайн халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді, ақпараттық хат дайындалып, Ресей Федерациясының колледждеріне және ҚР барлық облыстарына жолданды. Оқытушылар мен басшылардан 130-дан астам өтінім келіп түсті, қатысушылардың тақырыптары бойынша онлайн-баяндамамен бағдарлама әзірленіп, 23 қатысушы өз тәжірибелерімен бөлісті.

           Колледж оқытушылары мен шеберлері “Интеграл” Курсавка колледжі ұйымдастырған ғылыми-практикалық конференцияларға, вебинарларға қатысты: “Кәсіптік білім беру сапасын бағалаудағы инновациялар: енгізу теориясы мен практикасы”,” Білім алушылардың кәсіптік білім беру сапасын тәуелсіз бағалаудың элементі ретінде еңбек қызметіне дайындығын бағалау жүйесі”,  Еңбек саласы және білім беру саласы: өзара іс-қимыл, проблемалар, оларды шешу тәсілдері мен мүмкіндіктері”, “Өңірлік экономика үшін кадрлар: сұранысқа ие мамандарды даярлау тәжірибесі, қазіргі заманғы кәсіптік білім беру ұйымдарындағы жұмысшылар мен қызметшілер”.