Колледж жатақханасы білім алушылардың жаңа талап-тәрбиеге жылдам бейімделуіне жағдай жасайды. Жатақханада тұратын студенттердің оқуға дайындалуына, демалуына, шығармашылықпен айналысуына мүмкіндіктері бар. 100 орындық жатақхана 70 студентке жатақханасы білім алушылардың жаңа талап-тәрбиеге жылдам бейімделуіне жағдай жасайды.
Колледж Жатақханада білім алушылар үшін барлық жағдайлар жасалған, атап айтсақ:
- тәрбиеші бөлмесі;
- эстетикалық талапқа сай жабдықталған демалу бөлмесі, бұл жерде сабақтан тыс уақытта теледидар қарауға, көркем әдеби кітаптар оқуға, үсті ойындарын ойнауға болады, әр түрлі мәдени іс-шаралар өткізуге болады және жатақхана жиналысы өткізіліп тұрады;
- 2 ас бөлмеге электроплиталар, су жылытқыштар және суды тазалайтын фильтр орнатылған;
- жеке бөлмелерге тоңазытқыш, мұздатқыш камералары қойылған ;
- 2 гигиена бөлмесі;
- душ қабылдау бөлмелері бар.
Жатақханада тұратын білім алушылардың құқығы мен міндеттері, бөлмелерді беру, бөлмелерге орналастыру, жатаханаға кіріп-шығу тәртіптері қарастырылған, жатақхана тұрғындарының қауіпсіздігі үшін білім алушыларға арналған ішкі тәртіп ережесі бекітілген.
Техникалық қауіпсіздік бойынша ақыл-кеңес беріліп, «Техникалық қауіпсіздік журналы» толтырылып отырады. Қабатта өрт сөндіру құрылғылары, қабырға ақпараттары мен эвакуация жоспарлары бар.Жатақхана тұрғындарына қызмет көрсету деңгейі барлық талаптарға сай. Колледж білім алушылары жарық әрі жылы бөлмелерде тұрады. Оқытушылар, тәрбиешілер, әлеуметтік педагог, психолог білім алушылармен үнемі әңгімелесу арқылы жеке кеңестер береді.
Жатақхана Елбасы – Тұңғыш Президенттің бес әлеуметтік бастамасы аясында салынды. Заманауи үлгіде бой көтерген төрт қабатты жатақхана барлық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Онда студенттермен бірге жас отбасылар да тұра алады. Бөлмелер қажетті жиһаздармен жабдықталған. Әр қабатта 4 теледидар мен 12 автоматты кір жуу машиналары бар.