1-Наурыз -Алғыс айту күні айту

Атырау энергетика және құрылыс колледжінің студенттері барша ұстаздарды 1-Наурыз -Алғыс күні – көктемнің жайма шуақ күнін бастар ең алғаш мерекесімен шың жүректен құттықтайды! Сіздерді колледжіміздің белсенді жас студенттері көркемсөзді тілектерімен арнайды!

Алғыс айту күні – ортақ тарихымызға көрсетілген құрметтің, бүкіл қазақстандықтардың өз шаңырағына айналған киелі қазақ жеріне деген ризашылықтың белгісі.

Ынтымақтастық пен өзара көмек сияқты берік құндылықтар біріктіруші күшке айналып, еліміздің болашағына деген нық сенім мен жауапкершілік сезімін қалыптастырады

2021 жылдың 1 наурыз күні Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық мейірімділік бұлағы» жалпы ұлттық жобасы мәдени білім беру жобасы аясында Тәрбие бөлімінің жылдық жоспарына сай 2 курс 28 топ Техник програмист мамандығының топ жетекшісі Нығметова Эльмира Қуатқызының және топ студенттері мен жастар ісі комитеті жетекшісі Мұрагер Есенгелдіұлы ұйымдастыруымен «Болашақ бүгіннен басталады» атты 1-Наурыз -Алғыс айту күні арналған мерекелік шара өткізілді

Мерекелік шараның мақсаты: Студенттерге «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту

1) ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру;

2) үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту;

3) әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке студенттерді тәрбиелеу

Алғыс айту күні – ортақ тарихымызға көрсетілген құрметтің, бүкіл қазақстандықтардың өз шаңырағына айналған киелі қазақ жеріне деген ризашылықтың белгісі.

Ынтымақтастық пен өзара көмек сияқты берік құндылықтар біріктіруші күшке айналып, еліміздің болашағына деген нық сенім мен жауапкершілік сезімін қалыптастырады

Әр отбасыға бақ-береке, елімізге татулық пен тыныштық тілейміз!

 


Жарияланды: 03.03.202114:54

Автор: