1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы – ұлт мақтанышы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Бүгін Атырау инженерлік-гуманитарлық колледжінде Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы – ұлт мақтанышы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шараға Атырау қаласы колледждерінің студенттері мен оқытушылары қатысты.
Дөңгелек үстел барысында сөз алған Атырау инженерлік-гуманитарлық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Қырықбай Күләш Мұқатайқызы Елбасының өскелең ұрпаққа көрсеткен өнеге жолынан бірқатар мазмұнды мағұлматтар келтіріп, колледж студенттері мен оқытушылар Тұңғыш Президент туралы ой-пікірлерімен, өздерінің Елбасы күніне орай арнаған жыр шумақтарымен бөлісті.