20-24 мамыр аралығында 1-2 курстың студенттері арасында 5 күндік әскери оқу-далалық жиыны өткізілді
Колледжімізде Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша 20-24 мамыр аралығында 1-2 курстың студенттері арасында 5 күндік әскери оқу-далалық жиыны өткізілді.
Мақсаты: ҚР Қарулы Күштерінің қатарына жастарды тарту, жеткіншектердің Отан қорғауға деген патриоттық сезімдері мен жауапкершіліктерін арттыру.
Оқу-дала жиынында; саптық даярлық, әскери тактикалық дайындық, атыс дайындығы, топографиялық бағдар бойынша практикалық жаттығу түріндегі сабақтар жүргізілді. Сонымен қатар винтовкадан нысананы көздеп атудан сайыс болды. Жас ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелейтін жиынға оқушылар қызығушылықпен қатысып, өз білімдерін шыңдай түсті. Оқу-жаттығу жиынының соңғы күні студенттер марапатталып, қорытындыланды.