2021 жылдың 17 қарашасында Халықаралық студенттер күніне орай «НАPPY STUDENTS DAY-2021» мерекелік іс-шарасы өтті.
2021 жылдың 17 қарашасында Халықаралық студенттер күніне орай Атырау энергетика және құрылыс колледжінің акт залында «НАPPY STUDENTS DAY-2021» мерекелік іс-шарасы өтті. Колледжіміздің барша студенттері қатысқан аталмыш кештің кіріспе сөзін Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және ардагер ұстаз ашып, студенттер күнінің тарихы қайдан бастау алғанын айтып, білім алушыларға оқуда алғыр болуына ықылас білдірді. Бүгінгі шараны ұйымдастырушылар жастар ісі комитеті мен колледждің белсенді студенттері.
Мерекелік іс шараның мақсаты: Студенттерді мереке тарихымен таныстыру. Студенттерді ізденгіштікке, ұтымды жауап айта білуге, тапқырлыққа баулу. Белсенділікке, жан-жақтылыққа, уақытын тиімді пайдалануға, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Студенттік кезде терең білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып шығуға үндеу.
Cтуденттер тек мамандық игеріп қана қоймай, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып жүр. Үнемі жақсылықтың жаршысы бола білген жастар мерекелік кеште ескерусіз қалмады. Дарынды және қоғамдық жұмыстарда белсенді студенттерге колледж басшысының Алғыс хатымен марапатталды. Жігерлігімен таныла білген жастар кешті концерттік бағдарламаға жалғады. Жезтаңдай әншілер әуелетіп ән салса, көркем бимен көмкерілген бишілер көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Іс-шараны қорытындылап, студенттердің әрқашанда қоғамның белсенділігін жоғарылатып, мемлекеттің негізін құрайтын ең ерекше жастар тобы екендігін, ал, студенттік шақтың өз-өзіңді көрсетіп, шыңдалу мүмкіндіктерімен қатар, креативті идеяларға толы қымбат кезең екендігін айтып, студенттерді мерекелерімен құттықтады.