2021 жылдың 29 қазан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеудің жалпыұлттық жоспары

2021 жылдың 29 қазан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеудің жалпыұлттық жоспары және Алтын Орданың 750 жылдығына арналған.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қолдауымен ұйымдастырылатын «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына арнайы дайындалған Сарайшық ауылындағы этноауыл іс шарасына Атырау энергетика және құрылыс колледжінен 1-2 курс студенттерінен құралған колледжіміздің белсенді студенттері Этноауылды тамашалап қайтты.

Студенттер Алтын Орда тарихына қатысты көптеген құнды мәліметтер куә болды. Алтын Орда дәуіріне жататын археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған жәдігерлердің қалашығына барып ежелге құмыралардың қалдықтарымен танысты. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткен халықаралық шараның студент жастарға берері көп, тағылымы зор болды.

Мың жылдық тарихы бар Қазақ халқының рухани жаңғыруының көрінісіндей болды. Осы айтулы шара студенттер үшін үлкен әсер қалдырды. Атыраудың төрінде өткен бұл шараның маңызы өте зор Алтын Орданың 750 жылдығының тарихына терең үңіліп, осы жерде бас қосуы біздің тарихымызды жоғары бағалауы еді.


Жарияланды: 30.10.202113:31

Автор: