2021 жылдың 9 қараша күні Атырау энергетика және құрылыс колледжінің студенттеріне туберкулездің алдын алу мақсатында студенттерге дәріс ұйымдастырылды
2021 жылдың 9 қараша күні Атырау энергетика және құрылыс колледжінің студенттеріне туберкулездің алдын алу мақсатында студенттерге дәріс ұйымдастырылды.Барлық колледждің 1-2 курс студенттерінің Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орай колледжіміздің медбикесі түсіндіріп өтті.
«Туберкулез және оның алдын-алу» тақырыбында дәріс оқыды. Студенттерге бұл аурудың бастапқы кезеңінде анықтау қиын екенін айтты. Сонымен қатар, дәрігерге уақтылы бару, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау, қалпына келу мүмкіндігі және инфекцияның таралуын болдырмау шаралар жайлы да айтылды. Сондықтан алдын-алу ерекше орын алады, атап айтқанда: спортпен шұғылдану, қатаю, дұрыс тамақтану, суық тиюді емдеу, жаман әдеттерден арылу және үнемі медициналық тексерулер.
Туберкулез ауруы — асқынған кезде соңы адам өліміне дейін соқтыруы мүмкін күрделі жұқпалы ауру. Туберкулезді зерттейтін медицинаның саласын фтизиатрия деп атайды. XIX ғасырдың соңында неміс дәрігері Г. Кох туберкулёзді тудыратын миробактерияны (туберкулёз таяқшасын) тапты. Осы кезге дейін инфекциялардың арасында адам өлімі туберкулезден асып түскені жоқ. Әлемдегі әрбір үшінші адамда туберкулез бактериялары болады. Бұл індетпен ауыратын адамдардың басым білігін абақтыны мекен етушілер, нашақорлар, үйсіз жүрген қаңғыбастар, жезөкшелер мен шеттен келген келімсектер құрайды.
Колледж студенттермен профилактикалық әңгімелер, дәрігерлермен, туберкулез бойынша мамандармен, пульмонологтармен және денсаулық сақтау мамандарымен кездесулер үнемі ұйымдастырылып тұрады.