2021 жылдың 6 наурыз күні Атырау энергетика және құрылыс колледждің «Спорт кешенінде» 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай оқу орындарының қызметкерлері арасында үстел теннисі мен волейболдан жолдастық кездесу өтті. Аталмыш додада Назарбаев Зияткерлік мектебі және «APEC PetroTechnic» Жоғары колледжі және Атырау энергетика және құрылыс колледжінәі ұстаздары өзара бақ сынасты.Жарыс, қатысушылар ортаға шығып сап түзеп, жеребе тарту рәсімінен кейін мемлекеттік Әнұранмен басталды. Сондай-ақ Атырау энергетика және құрылыс колледжінің басшысы Нұрғали Құмарұлы білім ордасының ұстаздарына жылы лебізін білдірді.
(Сайыс кезінде карантиндік шаралар толығымен сақталып, «Спорт кешенінің» кіре берісіне қолды залалсыздандыратын антисептиктер орнатылды. Сондай-ақ, Атырау энергетика және құрылыс колледжінің дәрігер-мейірбикесі Батима Султангалиевна жолдастық кездесу барысында қатысушыларға карантиндік шараларды қатаң түрде сақтауды талап етті. Жарыс кезінде көрермен болмады.)