«Бір ел – бір кітап»

2021 жылдың 28 қазан күні Атырау энергетика және құылыс колледжінің Кітапхана залында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» және кітап көрмесі және BOOKDATING «Кітап – адалдықтың кілті» тақырыбында кітап алмасу акциясы ұйымдастырылды.

Акцияның мақсаты – колледжіміздің жастарына халық әдебиетін насихаттау, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарға адамгершілік-патриоттық тәрбие беру, ана тілін құрметтеу. Акцияның міндеті – қазақ әдебиетін кеңінен насихаттап, халықтың оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, сонымен қатар жас ұрпақтың интеллектуалды және рухани дамуына үлес қосу.

Қазақстанда 2021 жыл Тәуелсіздік жылы деп жарияланды. Осыған орай «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Аталмыш акция аясында «30 кітап – Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» атауымен танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы 30 үздік шығармасы жалпыхалықтық оқуға іріктелді.

Кітап алмасу челенджі жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру,парасаттылық пен ізгілік қағидаттарын насихаттауды мақсат етіп отыр.

Студенттерді интеллектуалдық қабілеттерін дамытуды мақсат еткен кітап алмасу акциясында қоғам арасында танымалдылыққа ие, оқырмандардың сүйікті оқитын кітаптарымен қатар,әлемдік бестселлердің қазақы нұсқалары да келуші жастарға ұсынылатын болады.

 


Жарияланды: 30.10.202112:14

Автор: