«Цилиндр. Конус. Шар туралы жалпы түсінік»тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырылды
2021 жылдың 11 қарашасында Жаратылыстану – математика пәндер бірлестігінің апталығының жоспарына сай колледжде 2 курс 23 топ «Техник програмист » мамандығының студенттеріне математика пәнінің оқытушысы Мурзабекова Б.С. «Цилиндр. Конус. Шар туралы жалпы түсінік»тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырылды.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға айналу денелері цилиндр,конус,шар,сфера ұғымдары мен оның элементтері туралы мағлұматтар беру; Оқушылардың конструктивті ойлауын дамыту.
Дамытушылық: Цилиндрдың,конустың бүйір бетінің, толық бетінің аудандарын табуға есептер шығарту арқылы оқушылардың шапшаңдық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Цилиндрдің, конустың, шардың қолданылатын жерлері туралы мағлұматтар бере отырып, оқушыларды әдемілікке, тазалыққа, табиғатты аялауға тәрбиелеу.