ОҚУ ДАЛА ЖИЫНЫНЫҢ ҮШІНШІ КҮНІ ӨТУДЕ
Атырау энергетика және құрылыс колледжі ағымдағы жылдың 20.05.2024 ж. бастап 1-2 курс студенттері арасында «Әскери оқу дала жиыны» және қыздармен медициналық практикалық сабақтардың дайындығы басталды. 5 күндік оқу-дала жаттығу жиыны 20-24-шімамыр аралығында жалғасады.
Жетекшісі АӘжТД пәні мұғалімі Тайыров С.
Қыз балаларға колледж мейірбикесі Есенғалиева Б. алғашқы медициналық жәрдем көрсету шараларын түсіндіріп, көрсетті. Алғашқы көмектің негізгі шаралары: таңғыш тағу, қан тоқтату, жараны байлау, сынған аяқтың немесе қолдың қозғалысын тежеу, жүрекке жабық массаж жасау.