8 – наурыз «Жақсы келін – шаңырақтың ырысы»

2024 жылдың 7 наурыз күні Атырау энергетика және құрылыс колледжінің кешенді жылдық жоспарына сәйкес колледжімізідің елу жылдық мерейтой қарсанында және 8 – наурыз мерекесіне арналған «Жақсы келін – шаңырақтың ырысы» атты келіндер сайысы ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты – қазақтың салт-дәстүрі мен әдет – ғұрпын келіндер арасында кеңінен насихаттау, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту. Отбасының ұйытқысы болған келіндердімізге ақылдылық пен парасаттылықтың, инабаттылықтың үлгісі ретінде өскелең ұрпаққа көрсету.

Сайыс кезеңдері:

  1. «Мен қазақтың келінімін» байқауымыздың бұл бөлімінде келіндеріміз өзін таныстырады. Бұнда келіндеріміздің көркемдігі және сырт сымбаты ,жүріс –тұрысы сынға алынады. 5 мин
  2. «Өнерлі келін – өнегелі келін» Бұл бөлімінде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді (ән айту, би билеу, ертегіден үзінді, өлең оқу т.б өнерлерін көрсетуге болады ) 5 мин
  3. «Қонақ күте білеміз бе?» Бұл бөлімінде дайындап алып келген тағамдарын қалай жасағанын айтып қорғау. 5 мин
  4. Шығармашылық кезең бұл бөлімде қатысушы келіндерге жемістер берілді соны креативті етіп кесу жұмысы 5 мин

Сайыстың қорытындысы бойынша:

І орын дипломмен және «Нағыз қазақ келіні»-2024» номинациямен

Көшербаева Базаргул Ақылбайқызы тарих пәні оқытушысы

ІІ орын дипломмен және «Инабатты келін-2024» номинациясымен Мурзабекова Бақтыгул Сағынбайқызы математика пәні оқытушысы

ІІ орын дипломмен және «Өнерлі келін-2024» номинациясымен

Джилкишиева Айгерим Берікқызы арнаулы пән оқытушысы

ІІІ орын дипломмен және «Шебер келін-2024» номинациясымен

Шарапова Алиса Аралбайқызы арнаулы пән оқытушысы

ІІІ орын дипломмен және «Көрікті келін-2024» номинациясымен Рамазанова Орынгул Сырымқызы марапатталды.

 


Жарияланды: 19.04.202413:50

Автор: