1 наурыз -Алғыс айту күні
Көктемнің алғашқы күні колледжге бірлік пен берекенің шуағын шаша келді. 1 наурыз -Алғыс айту күнін колледж студенттері шынайы көңіл күймен қарсы алды.
Биылғы жылы бұл күн елімізде екінші рет тойланып отыр. Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың 2016 жылдың 14 қаңтар күнгі жарғысымен 1наурыз – Алғыс айту күні болып бекітілген болатын. Жас ұрпаққа ауызбіршілік пен татулықты насихаттайтын бұл мерекені Атырау энергетика және құрылыс колледжі студенттері асқан белсенділікпен атап өтті. Сабақ аралығында радиохабарлардан мерекенің шығу тарихы, мəн-мағынасы жайлы ақпараттар таратылды. Колледждің белсенді студенттері əрбір оқытушы мен студенттерге əр түрлі тілдегі “Рақмет” сөзі жазылған қағаздар таратып, тамаша көңіл-күй сыйлады. 1-курс студенттері ізгі тілектерге толы қабырға газеттерін шығару арқылы мерекеге өзіндік үлестерін қосты.
Атырау энергетика және құрылыс колледжін барша қауымды аталмыш мерекемен құттықтап, ел игілігі, ел болашағы жолында атқарып жатқан еңбектеріңізге жеміс тілейді.