«Ұлы даланың жеті қыры»: өткен тәжірибе, болашаққа бағдар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
2019 жылдың 9 қыркүйегінде Атырау облысы Жастар саясаты мәселесінің қолдауымен Жастар жылы аясында Атырау облысы әкімдігінің ғимаратында «Ұлы даланың жеті қыры»: өткен тәжірибе, болашаққа бағдар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді жәнеде Атырау облысында тұңғыш рет өткізілетін этно-фестивальдің ұйымдастырылуы жоспарланды.
Тұңғыш елбасымыздың мақаласында халқымыздың тарихына қатысты барлық сәттер қамтылған. Елбасы Ұлы даланың жеті қыры – атқа міну мәдениеті, ұлы даладағы ежелгі металлургия, аң стилі, «Алтын адам», түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы туралы айтты. Сондай-ақ Қазақстан алма мен қызғалдақтың отаны екендігін тілге тиек етті.
«Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты бірінші жобаның жалғасы болып табылады. Бұл – Ұлт көшбасшысының қоғамның рухани дамуының барлық негізгі бағыттарын ашатын кеңейтілген, неғұрлым көрнекі, егжей-тегжейлі жоба», – деп атап өткен болатын.Осы этно фестивальдің негізгі мақсаты Ұлы даланың жеті қырырын студент жастарымыздың бойына сіңіру арқылы тәрбилеу болып табылады.