Мұғалімдер күніне арналған мерекелік шара өтті.
Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара 2019 жылғы 2 қазан күні Атырау энергетика және құрылыс колледжі салтанат залында Мұғалімдер күніне арналған мерекелік шара өтті.
Колледждің директоры Темірташев Нұрғали Құмарұлы ұлағатты ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі. «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы», – деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, білімі мықты, білігі жоғары жаңашыл ұстаздар біздің оқу ордамызда да жеткілікті. Өз істерінің жоғары деңгейдегі мамандары атанған осы бір құрметті жандардың тынымсыз еңбектерінің арқасында бұл оқу орнынан мыңдаған студенттеріміз заман сұранысына сай білікті маман болып шығуда. Бұл күндері қолдарына диплом алған біздің шәкірттеріміз еліміздің түкпір-түкпірінде тәуелсіз мемлекетіміздің гүлденіп, өркендеуі үшін бар күш-жерімен аянбай еңбек етіп жүргендері де белгілі. Кәсіби мереке қарсаңында білім және ғылым саласына өздерінің елеулі үлестерін қосып, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, әрі өнегелі тәлім-тәрбие беріп жүрген ұлағатты ұстаздарға Алғыс хаттар мен грамоталар табысталды. Сондай-ақ, мерекелік шараға арнайы шақырылған колледждің ардагер ұстаздарына да ерекше құрмет көрсетіліп, ақшалай сыйлықтар және гүл шоқтары табыс етілді. Шәкірттер санасына білім сәулесін шашып, ғылымның шырағын жағып жүрген ұлағатты ұстаздарға ақ тілектер мен ыстық ықылас білдірген білім ордасының студенттері мерекелік концерт ұйымдастырып, жиылған қауымға ерекше көңіл-күй сыйлады. Білім мен ғылымға арнаған істеріңіз абыройлы болып, құрметтеріңіз әрдайым арта берсін! Болашақтың тұғыры жастарымыз білімді де іскер болсын! Тәуелсіз еліміз көркейіп, өркендей берсін! Мерекелік кеш барысында ұлағатты ұстаздардың еңбектері бағаланып, атаулы мерекеге орай бірқатар ұстаздар облыстық білім басқармасының, облыстық кәсіподақ комитетінің және қала әкімінің, Құрмет грамоталарымен, ал жас мамандар колледж директорының алғыс хаттарымен марапатталды. Мерейлi мерекелерiңiз құтты болсын, қымбатты Ұстаздар!