«Абай оқулары» қалалық байқауы өтті

Атырау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастыруымен 2019 жылы 23 қазанда күні Атырау қаласында , Жұмыскер мәдениет үйіде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Абайдың мол мұрасын насихаттау арқылы қазақ мәдениеті,тілі мен әдебиетіне деген жастардың құштарлығын арттыру мақсатында «Абай оқулары» атты қалалық байқауын өткізді.Байқауға Атырау энергетика және құрылыс колледжінің 2 курс 17 топ студентті Мақсотова Гүлсезім,жетекшісі Разиева Майра қатынасып жоғары денгейде өнер көрсеткені үшін Алғыс Хатпен марапатталды.
Байқаудың мақсат-міндеттері: қазақ тілінің қолданылуын дамыту, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау. Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қоғамдық келісім мен қазақстандық рухани бірлікті нығайту және отансүйгіштік сезімді тәрбиелеу, көпшіліктің қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген ықыласын арттыру, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту.
Байқауға көркемсөз оқу және ән айту шеберлігін қатар игерген 18 жас көркемсөз шеберлері қатысты
Байқау 2 кезеңнен тұрды:
1. «Өлең сөздің патшасы…». Абай шығармаларын (білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын немесе қара сөзін) жатқа мәнерлеп оқу.
2. «Қазақта қарасөзге дес бермедім…». «Абай жолы» романынан үзіндіні көркем шеберлікпен жатқа орындау.
Байқауға белсенді қатысып, ерекше өнер көрсеткендері үшін номинациялармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.


Жарияланды: 06.12.201908:07

Автор: