«Дүниежүзілік студенттер күні» қарсаңында жаңа қабылданған студенттерді студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті.
19 қараша 2019 жылы Атырау энергетика және құрылыс колледжінде Жастар ісі комитетінің ұйымдастыруымен«Дүниежүзілік студенттер күні» қарсаңында жаңа қабылданған студенттерді студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті.
Биылға 2019-2020 оқу жылында барлығы – 285 талапкер оқуға қабылданды. Олардың барлығы мемелекеттік тапсырыс негізінде оқиды.
Салтанатты рәсімде колледж директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Орынбаева Заура Берікқалиқызы жаңа қабылданған студенттерге өз құттықтауын жолдап, оларға сәттілік тілей отырып білімнің «Алтын кілтін» табыстады. Әрбір топ студенттеріне студент мәртебесін анықтайтын «Студенттік билет» пен «Сынақ кітапшалары» салтанатты түрде табысталды. Ресми шараның екінші бөлімі концерттік бағдарламаға ұласты. Шараны колледждің өзін өзі басқару құрылымы ұйымдастырды. Шара жоғарғы дәрежеде өтті.