«Бақытты отбасы»
Атырау энергетика және құрылыс колледжінің 1 курс студенттері 2019 жылдың 21 қараша күні «Бақытты отбасы» отбасылық соттар жанынан құрылған Отбасыға ресурстық қолдау көрсету орталығының қызметкерлері «Бақытты отбасы» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренингті РҚБ «Атырау қаласы Медиацияны дамыту орталығының» кәсіпқой психолог-медиаторы , заңгер, әлеуметтік педагог өткізді. Семинар-тренингте ақпараттық материалдар, блакноттар мен қаламсаптар таратылды. Отбасылық өмірдегі дағдарыстар және оларды еңсеру жолдары туралы ақпарат берілді. Тренинг белсенді интерактивті ортада өтті. Топ студенттері пікірталастар мен ойындарға белсене қатысып, жұмыс істеді.