«Еркін тыныс ал!»
Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік өкпенің созылмалы обструктивті ауруына (ӨСОА) қарсы күрес күніне арналған «Еркін тыныс ал!» ұлттық бағдарламасы аясында жастардың өмірлік дағдыларын қалыптастыру, соның ішінде салауатты тамақтану, дене белсенділігі, жеке және қоғамдық гигиена талаптарын сақатауға шақыру мақсатында Атырау Энергетика және құрылыс колледжінің студенттері арасында спорттық жарыс өткізілді. Аталмыш шарада 1 курс студенттерінен құралған 2 топ сынға түсіп, жарыс нәтижесі 5 баллдық жүйемен бағаланды. Шара соңында студенттерге тақырыпқа сай кеңестер беріліп, ақпараттық-оқыту бетшелері таратылып, қатысушы топтар орталық атынан дайындалған алғыс хаттармен марапатталды.