Сенің қауіпсіздігің өзіңе байланысты

Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік ЖИТС-КЕ қарсы күрес күніне орайластырылған айлық бойынша Атырау энергетика және құрылыс колледжінде “Сенің қауіпсіздігің өзіңе байланысты” тақырыбында студенттер арасында семинар өткізілді. Шара барысында орталықтың дәрігер маманы АИТВ-ның жұғу жолдарымен ЖИТС-ның дамуы,  АИТВ инфекциясының алдын алу туралы түсінік берді. Бағдарлама аясында жастардың өмірлік дағдыларын қалыптастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде тақырыпқа сай кеңестер берілді. Ақпараттық оқыту материалдары таратылды.


Жарияланды: 09.12.201908:02

Автор: