“ТжКББҰ жүйесіндегі білім алушылардың еңбекке дайындығы: күту, проблемалар, шындық”
2019 жылдың 6 желтоқсанында Атырау энергетика және құрылыс колледжінде “ТжКББҰ жүйесіндегі білім алушылардың еңбекке дайындығы: күту, проблемалар, шындық”тақырыбы бойынша пікірталас алаңының жұмысы (онлайн ғылыми-практикалық семинар) ұйымдастырылды.Алаң жұмысына ОУ басшылары, басшының орынбасарлары, әдіскерлер, педагогикалық қызметкерлер, әлеуметтік әріптес – жұмыс берушілер, Ставрополь өлкесі (Ресей) Жұмыс берушілер бірлестіктерінің және Атырау энергетика және құрылыс колледжінің өкілдері қатысты.
Жұмыс барысында жалпы білім беру ұйымдарының білім алушыларын кәсіби бағдарлау проблемалары; жаңа білім беру технологияларын тарату проблемалары; “WorldSkills” стандарттары бойынша демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру және өткізу проблемалары; практикаға бағытталған оқыту технологиясын енгізу тетіктері; жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл тетіктерін дамыту және т. б. мәселелер талқыланды.