«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»
2019 жылдың 12 желтоқсанында Атырау энергетика және құрылыс колледжінде Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты дөңгелек үстел» өткізілді. Іс-шараны ұйымдастырушылар – «Қоғамдық келісім» КММ Атырау облысы әкімі апараты мен Атырау энергетика және құрылыс колледжінің Жастармен жұмыс бөлімінң жетекшісі Темірғалиев Рүстем. Дөңгелек үстел жұмысына Атырау облысының техникалық және кәсіптік оқу орындарының студенттері, колледж ұстаздары қатысты.
Атап айтсақ:
1.Атырау энергетика және құрылыс колледжі.
2.Атырау сервис колледжі.
3.Атырау көлік және коммуникация колледжі.
4.Атырау инженерлік – гуманитарлық инсттутының колледжі.
5.Каспий өңіріндегі қазіргі заманғы колледжі .
Шараға 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқан Кенжеш Берденқызы арнайы қатысты.Әңгіме барысында сол кездегі оқиғаларымен жастарға патриоттық бағытта ой толғаулар жеткізді. «Дөңгелек үстелге» қатысушылар ашық және жемісті пікірталас барысында тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен даму тарихының өзекті мәселелерін, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық мемлекеттілікті құрудағы, тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы, қоғамның демократиялануы мен президенттік институттың нығаюындағы тарихи рөлін, халықты біріктіру үдерісіне, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, сол сияқты елдің сыртқы саяси стратегиясын айқындауға қосқан үлесін талқылады.
Сондай-ақ, 28 жыл ішінде тәуелсіз Қазақстанда экономикалық және саяси реформалар жүргізілгені, олар Республиканың халықаралық аренадағы беделін айтарлықтай арттырғаны атап өтілді. Қазақстан халықаралық және аймақтық ұйымдардың мүшесі болып табылады, батыс және шығыс мемлекеттерінің сенімді серіктесі ретінде танымал. Диалогқа қатысқан колледж студенттері өз еліне деген мақтаныш, туған жеріне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін білдірді.
Соңында “Қазақстанның тәуелсіздігі мен Егемендігі туралы” фильм көрсетілді.