«Отбасы» саябағындағы 2 гектар алаңға отырғызылды

Атырау қаласының 380 жылдық мерейтойына орай 380 көшет жеміс ағашы, жаңадан ашылған «Отбасы» саябағындағы 2 гектар алаңға отырғызылды. Көшеттердің арасында Алматының алма бағынан әкелінген жоғары сортты алма ағаштары да бар. Экологиялық шараға Атырау энергетика және құрылыс колледжінің қызметкерлері мен студенттері белсене атсалысып, қаламыздың гүлденуіне өз үлестерін қосты. Ал оқу ордамыздың ұстаздары мен қызметкерлері сенбілікке өздері ғана емес, отбасыларымен бірлесе келді. Колледж ұжымы алдымен болашақта жүздеген түп ағаш егілетін ашық алаңқайды қоқыстан тазартып шықты. Жұмысқа жұмыла кіріскен студенттер мен ұстаздар екі сағаттың ішінде 40-ден астам қап қоқыс жинады. Алаңды тазартып болған соң, жастар бірден көшет ағаштарын отырғызуға кірісті. Ұйымдастырушалар, «Таза пикникке» қатысушы еріктілерге түскі ас мәзірін де әзірлеп қойған. Алдағы уақытта дәл осындай айтулы экологиялық шаралар мен басқосулар облыс көлемінде ұйымдастырылатын болады.

 


Жарияланды: 27.01.202113:13

Автор: