Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері

Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 қаңтардағы №2 қаулысына сәйкес колледждің І курс студенттері үшін 3 ақпаннан бастап аралас оқуға рұқсат етілді. Оқу топтары үшін офлайн және онлайн режимде сабақ кестесі жасалды.

Атырау энергетика және құрылыс колледжінің І курс студенттері үшін бүгіннен бастап офлайн режимде 70% пәндер дәстүрлі түрде сабақ оқуды бастады.

Аудиториялардың санитарлық талаптарға сай жабдықталуы, студенттердің жеке жұмыс орны, медициналық бетпердемен жүруі қатаң қадағалануда.

Колледжге алғаш қадам жасап отырған студенттерімізге сәттілік тілейміз, білім көкжиегіне талмай жете беріңіздер.


Жарияланды: 04.02.202112:18

Автор: