«Адалдық» дүкені өз жұмысын бастады
Атырау энергетика және құрылыс колледжінде «Адалдық» дүкені қашықтық талаптарын сақтай отырып студенттерге өз жұмысын бастады.
Бұл дүкеннің басты ерекшелігі: онда сатушы болмайды. Есесіне студенттер өзіне қажетті затты алып, ақшасын арнайы белгіленген қорапшаға салып, сауда жасайды екен.
– Атырау облысы Білім беру басқармасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен бірлесіп, «Sanaly urpaq» жобасының өңірлік кеңсесін және «Адалдық» дүкендерін облысымыздың барлық оқу-орындарында ашу туралы тапсырма берген болатын. Бұның басты мақсаты – студенттерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға үндеу, елімізге адал қызмет етуге тәрбиелеу. Колледжіміздегі «Адалдық» дүкені жұмысын бастады,-дейді колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рүстем Темірғалиев.