«Жақсылық жасау» тақырыбында қашықтықтан тәрбие сағаты

Атырау энергетика және құрылыс колледжінде «Өзін – өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің жоспарына сай. 9 ақпанда күні 2 курс 5 топ Пісіру ісі мамандығының студенттеріне топ жетекшісі Кабиева Алия Самигуллаевна және топ шебері Аманова Гүлнар Сатыбалдиева ,Өзін – өзі тану мұғалімі Габдуллина Асия Кисметовна «Жақсылық жасау» тақырыбында қашықтықтан тәрбие сағаты ұйымдастырылды.

Мақсаты: Студенттерді «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Студенттерді жақсылық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту және жақсылық пен жамандықтың қатар жүріп адам өмірінде сан қилы белең көрсететінін ұғындыру.

Міндеттері:

– жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігін түсіндіру;

– жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;

– қайырымды, қамқор болуға тәрбиелеу.

Студенттерге , «Жақсылыққа жақсылық әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық ер адамның ісі» деп қазақ бабамыз айтқандай, біздің бүгінгі тәрбие сағатында «Жақсылық жасай білейік» деп аталады. Жақсы сөз жарым ырыс. Жақсы сөз естісең, жаның жадырап сала береді. Жақсы сөз ашу шақырмайды, жүрегіңді жылытады, тек қана жақсылыққа жеткізеді, бақытқа кенелтеді, қуанышқа бөлейді.


Жарияланды: 09.02.202115:00

Автор: