«Өзін – өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»
Атырау энергетика және құрылыс колледжінде «Өзін – өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің жоспарына сай. Колледжіміздің психологі Нигметова Эльмира Қуатқызы «Отбасы – адамгершілікпен руханияттың қаййнар көзі» тақырыбында қашықтықтан психология тренинг ұйымдастырылды.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, адамгершілік-рухани білімді бойына сіңірген саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу –біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Адамгершілік тақырыбы – мәңгілік.
Рухани-адамгершілік білім берудің негізгі мақсаты – үйлесімді дамыған және бойында адамгершілік қасиеттері бар оқушы тұлғасын қалыптастыру болып табылады. Осы тұрғыда «Өзін-өзі тану» пәні ұлттық құндылықтарды дәріптеуді, оны білім мазмұнына енгізу арқылы ұлттық тәрбие беруді, оны үздіксіз білім берудің көзіне айналдыруды, оның тереңдігі мен рухани шындығын балалық кезден бастап сіңіруді мұрат етіп отыр. Бұл орайда пән мазмұны арқылы ұлттық тәрбие беру желісі нені тұтқа етеді деген мәселеге келсек, мұндағы басты құрал оқу материалдары, яғни тақырыбы мен мазмұны жағынан бала рухын тербететін, жанын елжірететін, масаттандыратын, табындыратын, әсемдік сезімін, ар-намыс сезімін оятатын, білуге құмарлыққа, ақ көңілділікке, ерлікті көксеуге, күш-қайратты шыңдауға ұмтылдыратын – нағыз ұлттық, қазақша ойлайтын, қазақша сөйлейтін, тілеуі, қалауы, арманы қазақша болатын, өз бойынан ата-бабасының қаны мен рухын сезінетін, өз халқының би, батыр, шешен, даналарының өнеге-үлгісін ұстанатын, елінің тағдырына, тарихына жаны тебіренетін – көркем шығармалар, адамгершілік бастаулары, әдептілік қағидалары, өсиет әңгімелері, шешендік сөздері және т.б. Міне, осындай қуат бойына дарыған жас ұлан келешекте бәсекеге қабілетті болатыны сенімді. Сара Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани тәрбие берудің жобасын іске асыру арқасында осы міндеттер өз шешімін тапты. Жастарға адамгершілік тәрбие беру мәселесі білім беру жүйесі арқылы іске асатынына өз үмітін артады. Автор біздің қоғамымызда жалпы адамзаттық құндылықтардың өркендеуі – мемлекетіміздің басты міндеті деп есептейді.