ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН – ҰЛЫ ДАЛА АҒАРТУШЫСЫ
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН – ҰЛЫ ДАЛА АҒАРТУШЫСЫ
Атырау энергетика және құрылыс колледжінің білім алушыларына “ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН – ҰЛЫ ДАЛА АҒАРТУШЫСЫ” ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ “АДАЛДЫҚ САҒАТЫ” ӨТУДЕ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағаты» қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі, жазушы, этнограф, фольклоршы ғалым, ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсаринге арналды. Қазақ даласында білімнің шырағын жаққан Ыбырай Алтынсарин бар ғұмырын қазақ балаларын оқыту жолында өткізген. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, ана тілімізде оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын «Қазақ христоматиясының» алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қатар, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім…» деп тұжырымдаған.