Дін – тәрбиенің рухани тірегі
Дін – тәрбиенің рухани тірегі
Атырау энергетика және құрылыс коллежінде Тәрбие бөлімінің жылдық жоспары сәйкес «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» бағытында 1 курс 24 топ Техник құрылысшы мамандығының студенттеріне топ жетекшісі Багитова Айсұлу Дайрановна «Дін – тәрбиенің рухани тірегі» атты тәрбие сағаты қауіпсіздік шараларын сақтай отырып ұйымдастырылды. Мақсаты: Студенттерге діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға уйрету.Студенттердің өз дінге деген сүйіспеншілігін, құрметпен қарауға сенімін арттыру.
Жер бетіндегі барлық діндер бейбітшілік, рақымдылық, әділдік сияқты жоғарғы құндылықтарға негізделген. Солардың ішінде, ең соңғы кемеліне келген әрі мейірім мен рақымдылықты ту еткен дін – Ислам діні.Студенттердің басқа дінге бет бұрмау бағытында,өздерінің рухани адамгершілік тәрбиені ұғындыру.
Видеокөрсетілім жүргізілді: «Дін және тәрбие». «Ислам дінінің қазақ даласына таралуы» «Зайырлы мемлекет». Әрбір қазақ өзінің бойында Ислам дініне – сүйіспеншілігін сақтауы тиіс. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Рас сөз ешуақытта жалған болмас» деп Абай айтқан, Алла шындық және мәңгілік.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «біз тегіміз түрік, дініміз ислам екенін ұмытпауымыз керек, ол үшін қасиетті кітап Құран кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз керек» деген болатын. «Отанды сүю – иманнан» дейді.Ұлтына патриоттық имандылық тәрбие алғандар адасудан бойын аулақ салатыны сөзсіз. Алла сөзі Жәбірейіл періште арқылы төрт пайғамбарға тапсырылады, яғни Мусаға «Таурат», Ғайсаға «Інжіл», «Дәуітке «Забур» және Мұхаммед пайғамбарға «Құран кәрім».