2021 жылдың 17 наурыз күні «Талап» КЕАҚ вице президенті Қ.А. Оспанғалиев іссапармен КМҚК «Атырау энергетика және құрылыс колледжінде» болды.

Жұмыс жоспарына сәйкес Қ.А.Оспанғалиев «Жас маман» жобасымен алынған материалдық-техникалық базасымен және зертханаларымен танысты. 2020 жылы «Жас маман» жобасы шеңберінде АЭжҚК заманауи қондырғылармен жабдықталған болатын.

“Жас маман” жобасы Қазақстан Республикасының бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылдың 23 қаңтарында Жастар жылы салтанатты шарасының ашылуында берген тапсырмасы негізінде әзірленген. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасына сәйкес “Жас маман” жобасының операторы болып “Кәсіпқор” холдингі” КЕАҚ белгіленген болатын.

2020 жылы “Жас маман” жобасы аясында 10 мамандық бойынша оқу шеберханалармен арнаулы пән кабинеттер, өндірістік оқыту және зертханалық жұмыстарда қолданылатын қажетті заманауи құрал-жабдықтармен толықтай қамтылды. «Жас маман» жобасының арқасында колледжімізде жаңадан 2 зертхана 1 арнаулы пән кабинеті, 1 шеберхана жаңадан ашылды. Алынған құрылғылар өндірістік оқыту және арнаулы технология пән сабақтарында қолданылады.

«Жас маман» жобасын жүзеге асыру ережелері, механизмдері 27 қыркүйек күні қабылданып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің №425 бұйрығымен бекітілген. Бұл жоба аясында 180 колледж бен 20 жоғары оқу орнын қайта жаңғырту қарастырылған. Оның ішінде материалдық-техникалық базасын жаңғырту және оны жетілдіру, кадр даярлаудағы халықаралық стандарттарды енгізу жұмыстары бар.

Әлеуметтік серіктестермен қоян қолтық жұмыс жасалған арқасында бүгінгі күні колледж бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткіші артып келеді, атап айтатын болсақ 2019-2020 оқу жылында 230 студент оқу бітірсе, соның 215 жұмысқа орналасып, 15 жоғары оқу орнына түскен бұл 93-94 пайызды көрсетіп отыр. Жұмысқа орналасу көрсеткіші жыл сайын өсуі көңілге қуаныш ұялатады.

Қорыта келе, қазіргі қоғамда сұранысқа ие болатын мамандықтар бойынша кадр дайындау басты мақсаттарымыздың бірі екенін бәрімізге мәлім. Колледж ұжымдары Елбасының салиқалы саясатын қолдап, еліміздің іргелі, әрі қуатты елдер қатарында болу жолында тынымсыз еңбек етіп, барлық салалардағы жаңалықтарға ұдайы қолдау көрсетіп, студенттерге сапалы білім мен тәрбие беріп, бәсекеге қабілетті маман даярлау жолында аянбай тер төгіп жүрген әріптестеріміздің еңбектеріне жеміс тілейміз.

  • Кездесу барысында колледж басшылығының, арнайы пәндер оқытушыларының және өндірістік оқыту шеберлерінің ашық диалог өтті.


Жарияланды: 20.03.202107:59

Автор: