«Бір ел – бір кітап»

✅2021 жылдың 28 қазан күні Атырау энергетика және құылыс колледжінің Кітапхана залында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» және кітап көрмесі және BOOKDATING📚 «Кітап – адалдықтың кілті📖» тақырыбында кітап алмасу акциясы ұйымдастырылды.
✅Акцияның мақсаты – колледжіміздің жастарына халық әдебиетін насихаттау, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарға адамгершілік-патриоттық тәрбие беру, ана тілін құрметтеу. Акцияның міндеті – қазақ әдебиетін кеңінен насихаттап, халықтың оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, сонымен қатар жас ұрпақтың интеллектуалды және рухани дамуына үлес қосу.
✅Қазақстанда 2021 жыл Тәуелсіздік жылы деп жарияланды. Осыған орай «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Аталмыш акция аясында «30 кітап – Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» атауымен танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы 30 үздік шығармасы жалпыхалықтық оқуға іріктелді.
✅Кітап алмасу челенджі жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру,парасаттылық пен ізгілік қағидаттарын насихаттауды мақсат етіп отыр.
✅Студенттерді интеллектуалдық қабілеттерін дамытуды мақсат еткен кітап алмасу акциясында қоғам арасында танымалдылыққа ие, оқырмандардың сүйікті оқитын кітаптарымен қатар,әлемдік бестселлердің қазақы нұсқалары да келуші жастарға ұсынылатын болады.

 


Жарияланды: 28.10.202112:51

Автор: