2021 жылдың 29 қазан күні Атырау энергетика және құрылыс колледжінде «Әдептілік – адамгершілік белгісі» тақырыбында біріңғай сынып сағаты өтті
2021 жылдың 29 қазан күні Атырау энергетика және құрылыс колледжінде «Әдептілік – адамгершілік белгісі» тақырыбында біріңғай сынып сағаты өтті.Сынып сағаттарында 1-2 курс студенттеріне 17 топ жетекші ұйымдастырды.
«Адамгершілік – рухани байлық, Адамгершілік – рухани тәрбиенің маңызы, Әдептілік – адамгерішіліктің белгісі, Адамгершілік – басты адами қасиет, Әдептілік – адамгершіліктің бастауы,Адамгершілік – асыл қасиет, Ізгілік адамгершіліктің белгісі, Адамгершілік рухани тәрбиенің маңыздылығы, Адамгершілік пен имандылық» тақырыптарында сынып сағаттары,дөңгелек үстел,тәрбиелік шаралар мен әңгімелесу және түсіндіру жұмыстарды жүргізілді.
Сынып сағаттарының мақсаты: Студенттерге қоғамдық көлікте қарияларға орын беру,сыпайы жауап қайтару;Студенттерге адамгершілік сана мен мінез-құлықтың маңызды компоненті адамгершілік қажеттілік, ерік, тілек, тұрақтылық, өмірде адамгершілік таңдауын жүзеге асыра білу білігі; Студенттерді адамдық асыл қасиеттерді, өмір заңдылықтарын оқып үйренуге тәрбиелеу, жаман қасиеттерден бойын аулақ ұстауды үйрету.
Студенттердің бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу. Біріңғай шаралар барысында Әдептілік неден басталады? түсіндіріліп
Отбасындағы әдеп қағидалары: Ең алдымен, әр бала ата-анасының алдында әдеп сақтай білу керек. Үлкенмен қабаттасып сөйлеуге болмайды, ата-ананың айтқанын тыңдап, кҿмекші болу керек. Ата-анасын сыйламаған бала басқа адамды да сыйлауды білмейді.
Жастардың сөйлеу мәдениеті:Әр уақытта ойланып, асықпай сөйлеу керек. Қоғамдық орында дауыс көтеріп сөйлеу–мәдениетсіздік. Үш кісі отырып, екі кісі сыбырласу – үшінші адамды сыйламағандық. Біреудің сөзін бөлу– әдепсіздік.
Студенттерге әдептілік пен әдепсіздік белгілері тақырыбында әңгіме өрбеді Әдептілік амандасудан басталады. Ер адамға «Ассалаумағалейкум» деу керек, әйел адамға, қыз балаға «Сәлеметсіз бе» деу керек, телефонмен сөйлескенде телефон соққан адам бірінші амандасады.