«Коронавирус инфекциясының алдын алудың бірден-бір жолы – екпе алу»

➡️🆕2021 жылдың 30 қарашасында Атырау энергетика және құрылыс колледжінің ұйымдастыруымен «Коронавирус инфекциясының алдын алудың бірден-бір жолы – екпе алу» тақырыбында ZOOM бағдарламасымен ата –аналарға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 20.10.2021 жылғы №46 Қаулысымен таныстыру мақсатында, Қазақстан Республикасында халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды «Комирнати» (Пфайзер, АҚШ) мРНҚ-вакцинасымен жүргізу» туралы түсінік жұмыстары ұйымдастырылды.
Шара барысында:“Атырау қалалық №1 емханасының директорының орынбасары Шаумова Айнагул Қайыровна және колледж медбикесі Есенғалиева Батима студенттер арасында ұжымдық иммунитет қалыптастыру және жаппай екпе алуға қатысты түсінік жүргізді.
«Комирнати» – SARS-CoV-2 тудыратын коронавирустық инфекцияның профилактикасына арналған мРНҚ (нуклеозидтермен модификацияланған) негізіндегі КВИ-ге қарсы вакцина. «Комирнати» құрамында иммундық қорғаныш тудыратын вирус жоқ, КВИ инфекциясын тудыруы мүмкін емес.
Бір құтыда сұйылтқаннан кейін 0,3 мл-ден 6 доза бар.
Вакцинациялау:
• қандай да бір басқа вакцина енгізілгеннен кейін немесе бұрын Комирнати енгізілгеннен кейін ауыр аллергиялық реакция немесе тыныс алу проблемалары;
• кез келген инъекциядан/уколдан кейін естен тану, құрысулар;
• жоғары температурамен жіті инфекциялық аурулар және созылмалы аурулардың асқынуы;
• қанның ұюымен, оның ішінде тромбтардың пайда болуына қарсы дәрі-дәрмектерді қабылдаумен байланысты проблемалардың болуы;
• ауруға байланысты иммундық жүйе әлсіреген (АИТВ инфекциясы, стероидты препараттарды қабылдау) кезінде сақтықпен жүргізіледі.

 


Жарияланды: 30.11.202116:12

Автор: