«Оқу процесін жетілдіру жолдарының бірі ретінде жаңа оқу технологияларын қолдану» тақырыбында тәжірибе алмасу семинары

            Колледжіміздің жылдық жоспарына сай, 11 қаңтар 2022 жылы қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің «Оқу процесін жетілдіру жолдарының бірі ретінде жаңа оқу технологияларын қолдану» тақырыбында тәжірибе алмасу семинары болып өтті.

Мақсаты: Білім беру мазмұнындағы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып,инновациялық білім негіздерін терең меңгеру.

     Сөзді пәндер бірлестік циклінің төрайымы Сугурова Асел Нугмановна бастап, оқытушыларды жаңа 2022 жыл барыс жылымен құттықтап, алдағы жұмыстарға сәттілік тілеп, семинар жоспарымен таныстырды.

          Семинарды пән оқытушылары Габдуллина А.К. мен Кабиева А.С., кіріктірілген орыс тілі мен өзін – өзі тану пәнінен жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша, «Этические проблемы проявление киборгов. Употребление терминов в общенаучной лексике» тақырыбында панорамалық сабақтарын таныстырып, сабаққа пайдаланылған әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

     Сонымен қатар, жас тарих пәні оқытушысы Әйіпов М.Е.«Тарих пәні сабағында жаңа технологиялар мен әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі» және ағылшын тілі пәні оқытушысы Губашевва Д.А. «Ағылшын тілі сабағында тілді дамыту жұмыстарын тиімді жүргізудің әдіс-тәсілдері» тақырыптарында өз баяндамаларын оқып, озық тәжірибелерін ортаға салып, талқылады.

            Семинарымыздың үшінші кезеңінде Интерактивті білім беру ресурстары «Quiz let», «Near pod», «Kahoot» ағылшын тілі пәні оқытушысы Сугурова А.Н. таныстырды. Бұл интрактивті оқу платформалары оқытушының жұмысын жеңілдетеді, студенттерге пайдасы зор және қызықты болып табылады. Оқытушы кез келген уақытта бұл платформаларды пайдаланып, студенттермен жұмыс жасайды. Соңында осы платформалармен оқытушылар жұмыс жасап, платформалардағы тапсырмаларды орындады.

      Жалпы, тәжірибе алмасу семинар жұмысы өте мазмұнды болып, қатысушылар түрлі ойындар мен сұрақтарға жауап беру арқылы ерекше белсенділік танытты.


Жарияланды: 02.03.202208:35

Автор: