Колледжішілік «Үздік өндірістік оқыту шебері-2018» байқауы
Атырау энергетика және құрылыс колледжінің кешенді оқу-әдістемелік жоспарына және 17.04.2018 ж. берілген №73 н/қ. бұйрығына сай «Үздік өндірістік оқыту шебері-2018» байқауы 24 мамыр күні төмендегі мақсаттарды ескере отырып өткізілді.
Байқау мақсаттары:
1.Құзыретті маман даярлауда озат тәжірибелі, шығармашыл, кәсіби шеберлігі жоғары өндірістік оқыту шеберлерін анықтау, іс-тәжірибелерін тарату және насихаттау;
2.Колледждің өндірістік оқыту шеберлерінің үздік және инновациялық оқу-әдістемелік іс-тәжірибелерін жинақтау;
3.Колледждің шығармашылықпен жұмыстанатын өндірістік оқыту шеберлеріне қолдау көрсету және кәсіби деңгейін көтеруге ынталандыру;
4.Білім беру жүйесі өндірістік оқыту шеберлерінің педагогикалық кәсіби келбетін қалыптастыру;
«Үздік өндірістік оқыту шебері-2018» колледжішілік байқауы жоспар бойынша ережеге сай өткізілді.
«Үздік өндірістік оқыту шебері-2018» байқауына колледждің 8 өндірістік оқыту шебері: Ж.К.Жиенғалиева, Ш.Б.Сидегалиев, Қайыр Темір, Н.Е.Мусалимов, А.Б.Елемесова, Қ.С.Утекешов, А.О.Садыков, Р.У.Авезов қатысып, байқау кезеңдеріне сай өздерінің өндірістік сабақ жүргізудегі әдістемелік шеберліктерін , студенттерінің жетістіктерін, олармен жүргізетін тәрбиелік жұмыс жүйесін және техникалық шығармашылық ізденістерін көрсету арқылы қазіргі өндірістік оқыту шеберін жан-жақты бейнелеп, іс-тәжірибелерін ортаға салды.
«Үздік өндірістік оқыту шебері-2018» колледжішілік байқауы ережеге сай 4 кезең бойынша өткізілді.
1.Өзін-өзі таныстыру 5 мин.
- Панорамалық сабақ 10 мин
3.Педагогикалық-психологиялық жағдаяттар 3 мин
4.Техникалық шығармашылық жұмысы (үй тапсырмасы) 5мин
Байқауға қатысушылар әр кезеңнің талабына сай өздерін таныстыра отырып, әдістемелік шығармашылық , педагогикалық жағдаяттарға жауап беріп, көрмеде техникалық шеберліктерін көрсету арқылы қазіргі өндірістік оқыту шеберінің келбетін жан-жақты бейнелеп, инновациялық іс-тәжірибелерін ортаға салды.Байқауға қатысушылардың көпшілігі талапқа сай жақсы дайындықтарын және мазмұнды да жүйелі жұмыстарын көрсете білді.
Қазылар алқасының шешімімен байқауға қатысушылар қорытынды ұпай санына сәйкес төмендегідей марапаттарға ие болды.
I.«Үздік өндірістік оқыту шебері-2018» колледжішілік байқауында кәсіби шеберлігін, құзіретті маман даярлаудағы іс-тәжірибелерін жүйелі көрсеткендері үшін төмендегі қатысушылар арнайы диплом және бағалы сыйлықпен марапатталсын:
1.Жиенғалиева Ж.К.- бірінші орын;
2.Сидегалиев Ш.Б.- екінші орын;
3.Қайыр Темір – екінші орын;
4.Мусалимов Н.Е.- үшінші орын;
5.Елемесова А.Б.- үшінші орын;
6.Утекешов Қ.С.- үшінші орын;
- Байқауға қатысып белсенділік танытқаны үшін төмендегі қатысушылар Алғыс хатпен марапатталсын:
1.Садыков А.О.
2.Авезов Р.У.
Колледжішілік «Үздік өндірістік оқыту шебері-2018» байқауы бекітілген ережеге сай жақсы деңгейде өтті.
Колледж әдіскері:
Байдаулетова Г.М