ЖҰМЫС БЕРУШІ КҮНІ
2022 жылы 15 қараша күні Атырау энергетика және құрылыс колледжінде кадрларды даярлау сапасын арттыру және жұмыс берушілермен одан әрі тиімді ынтымақтастық орнату мақсатында “ЖҰМЫС БЕРУШІ КҮНІ” шарасы ұйымдастырылды. Мақсаты: «Жұмыс беруші күні» техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсатында жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара іс-қимыл жасау. Іс-шараға басшы кәсіпорындар, дуальды оқытуға қатысатын кәсіпорындар, кадрларды нысаналы даярлауға қатысатын кәсіпорындар, колледжбен ынтымақтасуды жоспарлайтын кәсіпорындар, жергілікті атқарушы органдар, “Атамекен” өңірлік кәсіпкерлер палатасы, жұмыс берушілер қауымдастығы, ТжКБ мәселелері жөніндегі өңірлік, салалық кеңестер қатысты. Кездесу бағдарламасына жұмыс берушілерге арналған колледж бойынша танысу экскурсиясы, кадрлар даярлаудың өзекті мәселелері бойынша педагогтар мен студенттердің жұмыс берушілермен диалог алаңында кездесуі, жетекші кәсіпорынның жұмыс тәжірибесі, Жұмыс беруші мен жас маманның жұмысқа қабылдау туралы келіссөздер жүргізу, кәсіпорындарға таныстыру экскурсиялары, жаңа технологияларды шолу бойынша жұмыс берушінің қонақ дәрістері өткізілді.Шара соңында үздік жұмыс берушілерді марапаттау рәсімін және жұмыс берушілермен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.