Дұрыс таңдалған мамандық болашақтың жарқын кепілі
Мектеп табалдырығын аттаған әрбір оқушының өзіндік бала қиялында « болашақта кім болам? » деген сауалға берілер жауап болары анық. Кез келген сынып оқушысынан сұрар болсаңыз, бірі дәрігер, бірі мұғалім, енді бірі президент болғысы келіп жатады. Ал жоғары сыныптарға көшкен сайын баланың қарым-қабілеті, ой санасы жетіліп, өз болашағына байппен қарауға дағдылана бастайды. Ал он бірінші сыныпбаланың он бір жыл алған білімін сарапқа, даңғыл өмір жолына қадам бастар, болашақта қандай маман иесі болатынына нақты бағдар қоятын кезең.
Өмірде әрбір адамның мамандық таңдау мен жар таңдауда қателесуге қақы жоқ. Себебі, зейнет жасына дейін маңдай термен еңбек етіп өзіңнің материалдық жағдайыңды жақсартуға өзің сүйіп атқаратын қызметің және ынт ымақ берекеге ұйыған жан жарастығы сақталған отбасың болса ғана өмірің маңызды да мағыналы болмақ. Сондықтан да, еліміздің ертеңгі тірегі, сенім артар болашағы саналатын,Егемен Қазақстанымыздың дамуы мен гүлденуі жолында аянбай еңбек ететін келешек маман иесі жсатарымыз мектеп бітірген сәттен өз мамандықтарын дұрыс таңдауы керек. Әсіресе, әрбір мектеп бітіруші түлек өз мамандығын жүрек қалауымен таңдайтын болса, болашаығы жарқын болары сөссіз. Бүгінгі таңда көптеген ата-аналар балалары үшін өздері шешім қабылдап, баласының қарым-қабілетін, өздері таңдаған мамандыққа оқуға түсіріп жатады. Нәтижесінде мұндай бала өз қалауымен таңдалмаған мамандық болғандықтан, қызығушылығы болмай, тек дипломға ие болуды ғана ойлайды. Жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін де өз мамандығы бойынша әрі қарай қызмет етіп кетуі екі талай. Бала мамандықты нем құрайлы таңдаса немесе оған қызықпайтын болса, оның қызметі де, қоғамда алатын орны да ойдағыдай болмайды.
Сондықтан колледжіміздің кәсіптік бағдар берушілері қаламыздың 38 мектебіне, және 6 аудан мектептеріне барып, кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізді.
Оның нәтижесі «Дұрыс таңдалған мамандық болашақтың жарқын кепілі» тақырыбында өткізілген ашық есік күнінен көрінді.
Елбасының «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы міндеттерін орындаудың алғашқы қадамдары да басталып кеткендігі белгілі. “Атырау энергетика және құрылыс колледжі” оқытушылары Атырау облысы Құрманғазы, Жылой, Махамбет, Исатай, Индер, Қызылқоға аудандарының мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру жұмыстарын өткізді. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының мақсаты – бітіруші түлекке мамандықты дұрыс таңдау жолдарын көрсету, келешек ұрпаққа бағыт- бағдар беру.
Мектеп оқушылары оқу орыны, мемлекеттік грант жайлы сұрақ қойып, білімге деген қызығушылықтарын білдірді.
Кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.Сондықтан да мектептің ата-аналармен жұмыс жоспарында кәсіптік бағдар беру мәселелері бойынша әр түрлі ағартушылық шаралар орын алуы қажет. Ол ата-аналар жиналыстарында түрлі тренингтер, әлеуметтік, психофизиологиялық сауалнамалар, әңгімелер, дәрістер ұйымдастыру арқылы ата-аналардың балаларына кәсіби бағыт беру туралы көзқарасына, ұстанымдарына әсер етуге болады. Аудандар мен ауылдарда жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмысы жыл сайын өз жалғасын табуда.