ПЕДАГОГТЕРДІ БОС ЛАУАЗЫМҒА ТАҒАЙЫНДАУ ҮШІН КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ!
ПЕДАГОГТЕРДІ БОС ЛАУАЗЫМҒА ТАҒАЙЫНДАУ ҮШІН КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ!
Атырау қаласы, Құрманғазы көшесі – 15, индекс 060009
Байланыс телефондары: 21-44-48, 87754564017
Электронды пошта: ask_college@rambler.ru
Атырау облысы білім беру басқармасының «Атырау энергетика және құрылыс колледжі» КМҚК
Бос жұмыс орындарына үміткер азаматтар түйіндемелерін enbek.kz жүйесі арқылы жібере алады.
Бос жұмыс орындарының тізімі:
1. Директордың шараушылық жөніндегі орынбасары;
2. Бөлім менгерушісі –құрылыс және энергетика бойынша;
3. Ақпараттану бойынша зертханашы;
4. Жатақхана коменданты;
5. Жатақхана тәрбиешісі;
6. Шеберхана меңгерушісі;
7. Кітапханашы;
8. Көркем өнерпаз үйірмесінің жетекшісі;
9. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы (орыс және қазақ тіліндегі топтарға)
10. Химия пәні оқытушысы (орыс және қазақ топтарға)
11. Физика пәні оқытушысы (орыс және қазақ тіліндегі топтарға)
12. Биология пәні оқытушысы (орыс және қазақ тіліндегі топтарға)
13. Дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы (орыс қазақ тіліндегі топтарға)
14. Алғашқы әскери дайындық пәні оқытушысы (орыс және қазақ тіліндегі топтарға)
15. Сантехник;
16. Ғимаратқа жауапты техник;
17. Аула сыпырушы;
18. Тазалықшы;
19. 07130100- Электр жабдықтары (түрлері жане салалары бойынша) – 4S07130103 – Техник электрик мамандык бойынша жоғары білімді арнаулы пән оқытушысы, тәжірибе жетекшісі орыс тілінде
20. 06130100 -Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) – 4S06130103 –Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушы мамандық бойынша жоғары білімді арнаулы пән оқытушысы, тәжірибе жетекшісі қазақ және орыс тілдерінде
21. 07130400 – Жылу техникалық жабдықтар және жылу мен жабдықтау жүйелері (турлері бойынша)- 4S07130403- Техник – жылу технигі мамандық бойынша жоғары білімді арнаулы пән оқытушысы,тәжірибе жетекшісі қазақ және орыс тілдерінде
22. 07320700 – Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы және пайдалану – 4S07320703 – Техник – құрылысшы мамандық бойынша арнаулы пән оқытушысы,, тәжірибе жетекшісі қазақ, орыс тілдерінде
23. 07220100- Құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын өндіру – 4S07220104 -Металл пластик өнімдерін жасау және монтаждау шебері мамандық бойынша жоғары білімді арнаулы пән оқытушысы,тәжірибе жетекшісі қазақ, орыс тілдерінде
24. 07150700 Жүк көтергіш машиналар мен транспортерлер – 3W07150701 Кран машинисі (түрлері бойынша) мамандық бойынша жоғары білімді өндірісітік оқыту шебері, арнаулы пән оқытушысы, орыс тілдерінде
25. 07320600 – Жергілікті магистральдық және желілік құбырларды монтаждау – 3W07320602 Технологиялық құбырларды монтаждаушы мамандық бойынша жоғары білімді өндірісітік оқыту шебері, арнаулы пән оқытушысы, орыс тілдерінде
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 Бұйрығының талаптарына сәйкес.
Еңбек ақы мөлшері білім деңгейі, еңбек өтілі, біліктілік санатына сәйкес төленеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8)наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.