Электроэнергетика саласындағы заманауи технологиялар, ғылыми ізденістер, тәжірибелер

2023 жыл 26 желтоқсан күні  Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінде “Электроэнергетика саласындағы заманауи технологиялар, ғылыми ізденістер, тәжірибелер” атты студенттік республикалық онлайн ғылыми практикалық конференция өтті.

Конференция жұмысының мақсаты:Энергетика саласындағы заманауи технологиялардың мүмкіншіліктерін зерделеу,студенттердің зияткерлік  шығармашылығын дамыту,олардың қазіргі қоғамның қажеттіліктерін ескере отырып,зерттеу қызметіне тарту.

Конференцияның бағыты:баламалы энергетиканы дамытудың негізгі бағыттары мен перспективалары,электротехникалық кешендер мен жүйелерді басқару,өнеркәсіптік электроника.

Колледждің “Электрмен қамтамасыз ету” бөлімінің арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері осы оқу жылының басынан бастап студенттермен “Электр тиімділігі мен энерго үнемдеу” тақырыбында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде конференцияға қатысқан Власов Даниил Александрович 17 топ студенті 2 курс, тақырыбы: «Альтернативная энергетика и способы энергосбережения»  жетекшісі Клешова Ф.Е. 2 – орын, Қылыш Асланбек 17 топ студенті 2 курс, тақырыбы: «Внедрение энергоэффективных программ и энергосбережение в Казахстане» жетекшісі Жиенгалиева Ж.К. 3 – орын, Ланковский Сергей Владимирович, тақырыбы: «Нужна ли АЭС в Казахстане?» жетекшісі Сәбит Ә.А. 3 – орындарды иеленді.

Барлық студенттерді және жетекшілерін жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймын, шығармашылық табыс тілеймін.


Жарияланды: 12.02.202408:44

Автор: