ВАКАНСИЯ!!! БОС ОРЫНҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАУ

«Атырау облысы Білім беру басқармасының  Атырау энергетика және құрылыс колледжі»коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Атырау қаласы, Құрманғазы көшесі – 15, индекс 060009

Байланыс телефондары: 21-44-48, 87754564017

Электронды пошта: ask_college@rambler.ru

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығына сәйкес бос лауазым орындарына конкурс жариялайды.

Конкурс төмендегідей лауазымдар бойынша өтетін болады.

Лауазым атауы:

  1. Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімі-1 (бірлік)
  2. Физика пәні мұғалімі-1(бірлік)
  3. Биология пәні мұғалімі-1(бірлік)
  4. 07130100- Электр жабдықтары (түрлері жане салалары бойынша) – 4S07130103 – Техник электрик мамандык бойынша жоғары білімді арнаулы пән оқытушысы, тәжірибе жетекшісі орыс тілінде-1(бірлік)
  5. 06130100 -Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) – 4S06130103 –Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушы мамандық бойынша жоғары білімді арнаулы пән оқытушысы, тәжірибе жетекшісі қазақ және орыс тілдерінде-1(бірлік)
  6. 07130400 – Жылу техникалық жабдықтар және жылу мен жабдықтау жүйелері (турлері бойынша)- 4S07130403- Техник – жылу технигі мамандық бойынша жоғары білімді арнаулы пән оқытушысы,тәжірибе жетекшісі қазақ және орыс тілдерінде-1(бірлік)

Педагогтердің лауазымдық міндеттері мен біліктілік сипаттамалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 13шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген “Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімін (арнайы орта, кәсіптік орта) растайтын құжат.

Еңбекақы мөлшері білім деңгейіне, еңбек өтіліне, біліктілік санатына байланысты төленеді.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттар тізбесін жолдайды.

1)Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8)Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10) Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

11) Тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда осы заңның 3-тарауы 1-параграфының 118-тармағына сәйкес, конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Конкурсқа құжаттарды қабылдау, конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде яғни, 2024 жылдың 10.01.2024 -20.01.2024ж. аралығында жүргізіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды.


Жарияланды: 12.02.202409:10

Автор: