«Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың негізі – кәсіби педагогикалық іс- әрекет» әдістемелік апталық
2024 жылдың 15 қаңтар күні колледждің оқу- әдістемелік кабинет ұйымдастыруымен «Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың негізі – кәсіби педагогикалық іс- әрекет» атты 15-20 қаңтар аралығында жоспарланған әдістемелік апталық өз жұмысын бастады. Мақсаты:
инновациялық білім беру технологиясы контексінде оқытушылар құрамының кәсіби құзыреттіліктерін арттыру мен алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерін қолдану;
-Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің ақпараттық құзыреттілігін және кәсіби шеберлігін дамыту;
-Оқыту және тәрбие үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету.
Бүгінгі тәжірибе алмасу семинарын колледж директоры Джумағазиев Т.М. бастап ашып, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Темірғалиев Р. «Білім берудегі менеджмент: колледждің оқу процесінің сапасын басқарудың инновациялық стилі»; директордың өндірістік оқыту ісі жөніндегі орынбасары Сапарғалиева К.И. «Білім берудегі менеджмент: колледждің оқу-өндірістік үдерісінің сапасын басқарудың инновациялық стилі»; директордың ақпараттық технология жөніндегі орынбасары Еркулова Э.С. «Цифрлық ресурстарды білім беру үдерісінде қолдану»; колледж әдіскері Хайруллина М.Н. «Әдіскер қызметіндегі инновациялық тәсілдер. Педагог қызметін әдістемелік сүйемелдеу» тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар барысында әр түрлі әдіс –тәсілдер көрсетіліп, тренингтер өткізілді. Әдістемелік апталық жұмысына сәттілік тілейміз.