«Ұлттық тәрбие негізінде жан-жақты дамыған, сыни көзқарасы қалыптасқан шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру» тақырыбында жаратылыстану- математика пәндер бірлестігінің тәжірибе алмасу семинары

2024 жылдың 15-20  қаңтар аралығында  колледждің жылдық оқу- әдістемелік жоспарына сай «Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың негізі кәсіби педагогикалық іс -әрекет» тақырыбында  әдістемелік апталық өз жұмысын бастады.

      Осы апталық аясында 2024 жылдың 16  қаңтар күні   «Ұлттық тәрбие негізінде жан-жақты дамыған, сыни көзқарасы қалыптасқан шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру» тақырыбында  жаратылыстану- математика пәндер бірлестігінің тәжірибе алмасу семинары өтті.

Мақсаты:

  • Дүниетанымы дамыған, еліміздің әдет –ғұрпын құрметтей білетін, жан-жақты білімді де саналы парасатты тұлға қалыптастыру;
  • Студенттерге ақпараттандыру құралдарын, ақпараттық технологияларды меңгерту;
  • Білімді жетілдіру;
  • Пән олимпиадаларына студенттерді дайындау;

Семинарға жалпы пән оқытушыларымен қатар, өндірістік оқыту шеберлері де қатысты.

Семинар барысында:

  • Информатика пәні бойынша Кабиева А.С, Бөлекбаева Г.Х
  • Физика пәні бойынша Меңдіғалиева Г.Г, Нуркасимов Р.И
  • Биология пәні бойынша Есенғалиева Б.С
  • Математика пәні бойынша Мукашева А.С, Мурзабекова Б.С
  • Дене тәрбиесі бойынша Сандибаев А, Сырымбетұлы Ш оқытушылары курсқа барғандағы тақырыптары бойынша,өз баяндамаларын қорғап, ортаға тәжірибелерімен бөлісті.

   Семинар барысында Аграпова Г.У,Ізбасқанқызы Ш сергіту сәтін ұйымдастырып, қатысушыларға жақсы көңіл күйге сыйлады. Семинар жоғарғы дәрежеде өтті.


Жарияланды: 12.02.202409:35

Автор: