«Оқу процесін жетілдіру жолдарының бірі ретінде жаңа оқу технологияларын қолдану» тақырыбында Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің тәжірибе алмасу семинары

2024 жылдың 17- қаңтар аралығында  колледждің жылдық оқу- әдістемелік жоспарына сай «Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың негізі кәсіби педагогикалық іс -әрекет» тақырыбында  әдістемелік апталық өз жұмысын бастады.

      Осы апталық аясында 2024 жылдың 17 қаңтар күні   « Оқу процесін жетілдіру жолдарының бірі ретінде жаңа оқу технологияларын қолдану» тақырыбында  Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің тәжірибе алмасу семинары өтті.

Мақсаты:

  • Білім беру мазмұнындағы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, инновациялық білім негіздерін терең меңгеру.
  • Студенттерге ақпараттандыру құралдарын, ақпараттық технологияларды меңгерту;

Семинарға жалпы пән оқытушыларымен қатар, өндірістік оқыту шеберлері де қатысты.

Семинар барысында:

  • Тарих пәні бойынша Жумагалиев С.М.
  • Ағылшын тілі пәні бойынша Избасарова А. Т.
  • Қазақ тілі пәні бойынша Габдуллина А. К
  • Орыс тілі мен әдебиет пәні бойынша Аманова Г.С, Бисембиева А. С
  • География пәні бойынша Көшербаева Б. А. Осы оқытушылар курсқа барғандағы тақырыптары бойынша,өз баяндамаларын қорғап, ортаға тәжірибелерімен бөлісті.

   Семинар барысында Губашева Д. С, Сисенбаева Д. М сергіту сәтін ұйымдастырып, қатысушыларға жақсы көңіл күй сыйлады. Семинар жоғарғы дәрежеде өтті. Барлық оқытушылар іс-тәжірибе алмасып жақсы көңіл-күймен тарқасты.


Жарияланды: 12.02.202410:17

Автор: