“Түсіну және жауап беру” бөлімі бойынша оқу мақсаттарына түсініктеме және оларға сай тапсырмалар құру” тақырыбында семинар

2024 жылдың  25  қаңтар күні Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған “Түсіну және жауап беру” бөлімі бойынша оқу мақсаттарына түсініктеме және оларға сай тапсырмалар құру” тақырыбында семинар өтті.

Атырау қаласы педагогикалық шеберлік орталығы филиалының аға менеджері, ф.ғ.к Тажигалева Алтыншаш Сагиевна  сабақ мазмұнын жаңарту шеңберінде ескеруге қажетті әдіс- тәсілдерді және сабақты түсіндіру мазмұнын сүзгіден өткізіп берді.

Осы орайда Ж.Аймауытовтың “сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, үнемі жетілдіруді қажет ететін, жаңаны табатын өнер” деген ұлы сөзі бекер айтылмаса керек.

Семинардың тәжірибелік алаңында колледжіміздің қазақ тілі және қазақ әдебиеті пән оқытушылары         Габдуллина А.К      және  Мұхитова Н. қатынасып үш топқа бөлініп, тақырып бойынша оқу нәтиежелеріне қол жеткізу жолдары, студенттердің сабақты түсіну жәнеі жауап беруіне жағдай жасау жолдарын түрліше әрі жоғары деңгейде қорғап, бір- бірлерімен шеберлік қоржынын толтыра алды десек те болады. Зор ізденісін ортаға салған қатысушыларға семинар модераторы ризашылығын білдіріп, тәжірибе алмасуға шақырды.


Жарияланды: 12.02.202410:43

Автор: