”Ара-Атырау” келіп колледжге, әзілімен мәз қылды.
Сатира мен юмор,уытты әзіл қай кезде қоғамға қызмет етуші құрал болып саналады.Осы ретте Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясының “АРА- АТЫРАУ” сатира театрының Атырау энергетика және құрылыс колледжінің ұжымы мен студенттеріне арналған концерттік бағдарламамен келді. Сахнада сатиралық жанрдағы бейнелерді сомдауда мол тәжірибесі бар, театрдың көркемдік жетекшісі Нұрбек Саматұлы Мәдиевтің бұл реттегі еңбегі ерекше.Қоғамның осал,кемшін тұстарын әжуәлау арқылы көрермен көңілінен шыға білетін шеберліктері келіскен әртістер таңдайлықтарды мәз-мейрам еткізді .Ұтымды сөздер,сарказм мен сатира,әзіл мен әжуа бірін бірі әрлендіріп, интермедиялар сәтті
сахналануымен ерекшеленді.
Ендеше сол кештің көріністерін суреттерден қарайық.