Техникалық кәсіптік білім берудегі икемді білім беру траекториялары» тақырыбында республикалық форум
2024 жылғы 01-02 ақпанда Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінде «Техникалық кәсіптік білім берудегі икемді білім беру траекториялары» тақырыбында республикалық форум өтіп жатыр.
Делегат ретінде Атырау энергетика және құрылыс колледжінің директоры Джумағазиев Т.М. қатысуда.
Форум аясында «Электромобильдер мен гибридті автомобильдерді диагностикалау және қызмет көрсету Тренинг-орталығының» ашылуы өтеді.
Республикалық форумға Утельбаева Ш.А., «Talap» КЕАҚ президенті, «Өрлеу» Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ бірлестігінің өкілдері, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің оқу орындарының басшылары, басшыларының орынбасарлары, әлеуметтік әріптестер қатысады.
Республикамыздың барлық өңірлерінен 80-нен астам техникалық колледждердің өкілдері білім беру қызметін ұйымдастырудың жаңа стратегиялық тәсілдерін көру үшін және тәжірибе алмасу үшін келді.