Ашық сабақ «Асинхронды электрлік қозғалтқыш»

2024 жылдың ақпан  айының 5 – 12 аралығында «Еңбек нарығында озық және сұранысқа ие мамандықтардың бірі» атты электрмен қамтамасыз ету және бағдарламамалық қамтамасыз ету  бөлімінің апталығының жоспарына сай  8 ақпан күні апталық аясында  ашық сабақ «Асинхронды электрлік қозғалтқыш » тақырыбы бойынша 2 курс 9 топ Электромонтер мамандығының  студенттерімен арнайы пән оқытушысы Клешова Ф.Е. өткізді.

Сабақтың мақсаты: Үш  фазалы айнымалы  токтың  асинхронды  қозғалтқышының  атқаратын  қызметі,  құрылысы,  жұмыс  жасау  принципі  туралы  оқып үйрену. Жаңа қондырғылармен танысып,  салыстыру.

Ашық сабақта студенттерге Асинхронды электрлік қозғалтқышы – электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіруге арналған электр машинасы және Асинхронды қозғалтқыштың құрылысы қарапайым және оны күтіп-баптау жеңіл. Кез келген айнымалы ток машинасы сияқты үш фазалы  асинхронды қозғалтқыш екі негізгі бөліктен, статордан (stator) және ротордан (rotor) тұрады.

 

 


Жарияланды: 19.02.202409:22

Автор: